Четверг, 19.09.2024, 02:40 | Қош келдіңіз қонақ

Docx

Главная » Файлы » Тегін қазақша рефераттар

Этносаяси жанжалдар
17.04.2014, 11:20

Этносаяси жанжалдар

Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.

Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әртүрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай кақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының екілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастайды.

Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық сатына жоғары денгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлта- ралық жанжалдарға жол ашады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі – этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:

— автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;

— белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;

— өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі — түптеп келгенде езінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралык кақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Англия, фузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы және т.с.с. жанжалдар. Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық-мемлекеттік құрылым мәселелерінің және т.б. жатыр.

Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі — этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет-ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Мысалы, біздің республикамызда 90 жылдардың орта кезінде орыс тілділер орыс тілінің мәртебесі женінде бірталай әңгіме көтерді. Оларға "Лад", "Русская община" ұйымдары, казактар дем беріп, кикілжің тудырды. Тіліміз, әдет-ғұрпымыз қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге аз алуда, олардың арасында жұмыссыздық көбеюде, соларға байланысты олар Қазақстаннан жаппай көшуге мәжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінің тең қолданылатындығы, өтпелі кезеңдегі жұмыссыздықтың көбеюі барлык ұлт өкілдеріне бірдей әсер етіп отырғандығы, басқарушы органдарға қызметке ұлтына, нәсіліне қарамай, тең қабылдануы және т.б. олардың қауіптерінің орынсыз екендігін дәлелдеді.

Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап, наразылық тудырады.

Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді және ұзақ сипат алған дау-жанжалды тоқтату оңайға түспейді. Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан назардан тыс қалдырмауы тиіс. Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде. 1995 жылдың 1 наурызында Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикадағы барлық ұлттық-мәдени орталыктарды қамтиды. Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамды біріктіру, нығайтуды қамтамасыз ету бағытында практикалық ұсыныстар жасайды. Ұлттық саясат саласындағы жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау жасайды. Мысалы, "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Мәдениет туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" және т.б. заң жобаларына қорытынды дайындап, Парламентке жіберді.

Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 жылы Казимарчук деген содыр өз жақгастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын қазақстандык арнаулы органдары дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл әрекет жүзеге аса қалса, Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз еді. Сондықтан барлық жұртшылық болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық патриотизмді, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті республика тұрғындарының бойларына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап, оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озық еңбек етуіміз керек.

 

Категория: Тегін қазақша рефераттар | Добавил: Make
Просмотров: 3058 | Загрузок: 0
Мәзір
Бөлімдер тізімі
Курстық жұмыстар [8]
Дипломдық жұмыстар [5]
Есеп берулер [0]
Тегін қазақша рефераттар [10]
Іздестіру
Форма входа
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0