Суббота, 07.09.2024, 17:50 | Қош келдіңіз қонақ

Docx

Главная » Файлы » Тегін қазақша рефераттар

Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы
12.03.2014, 15:04

Ян Амос Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге келді. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар общинасының дін қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың шығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестантизмге қарсы күш - католиктік конитрреформация құрылды. 10 жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, семьясымен бірге Лешноға келді. Бұл Поль-шаның белгілі Общиналық орталығы болатын. Осыдан бастап, ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына қайтып орала алмады. 1656 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл жылдары ол бала-шағасынан айырылды. өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда өткізді. Голландия да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. 1657 жылы латын тілінде ''Ұлы дидактика'' басылды. Я. А. Коменский өмірінің соңғы төрт жылы ішінде -''Адам ісін түзетудің бүкіл-жалпылық Кеңесі'' атты еңбегін жариялады.

XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменский-дің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.

XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - ''Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.

Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог ''Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады'', ''Адам болу үшін ол білім алуы тиіс'', ''Білімділер нағыз адам'' - деді. "!лім -нравтылықтың спутнигі'' - деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет - деді.

Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айнал-дырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теория-лық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.

Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана білім алуға құқықты болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католиктік шіркеудің бақы-лауында болды. Шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты мен міндетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкім-нің есіне келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат - ұрып, соғу мақсатын көздеді.

Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори - ''Ешбір ойластырылмаған'', ''Ешбір қызықтырмайтын" деп атады. Ал, Коменский оданда ауыр етіп ''Ақыл соғысы'' - деп атады. Англияда Фрэнсис Бэкон латын оқуын айыптады, қайтадан жаратылыс пәнін үйретуді ұсынды. Вольфганг Ратке, Иоганн Валентин Андреэ - Германияда т. б. оқу жүйесін өзгергуге өз беттерінше жұмыс істей бастады. Демек, XVII ғасыр азабы - оқуды өзгерту туралы олардың ешқайсы-ның оқу туралы ойларын, ұсыныстарын қабылдамады.

Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналды. 1631 жылы ''Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі'' атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі колоннаға бөлінген - Чех тілі мен латын тілін салыстыра оқытудың мән-жайы түсіндірілді. Еңбекте латынша оқытудың кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптың құндылығы сонда, ол 16 елдің тіліне аударылды.

Коменскийдің көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі - ''Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі'' атты еңбегі. Бұл жасөспірімдерге арналған еді. ХХ ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай деді. ''Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі'' -деп, жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Коменский еңбектері негізінде иллюстрация-ланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде ''Ұлы дидактика'' атты еңбегін жариялады. Бұл кітап, оны дүние жүзіне танытты. Кітап Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды.

 

Әдебиеттер

Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.

Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

3.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.

4.Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.

 

Категория: Тегін қазақша рефераттар | Добавил: Make
Просмотров: 6675 | Загрузок: 0
Мәзір
Бөлімдер тізімі
Курстық жұмыстар [8]
Дипломдық жұмыстар [5]
Есеп берулер [0]
Тегін қазақша рефераттар [10]
Іздестіру
Форма входа
Санақ

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0